24.05.2022
  99


Автор: Ибрагим Иса

Тағы да Несібеліге

Аналар бар айналған аты аңызға,
Қасиеті солардың жотамызда.
Ағайынның арасы ажарланар,
Сен жүргенде, ойлым-ау, ортамызда.
Аналардың бірісің парасатты,
Жып-жылы ғып отырсың бір ошақты.
Нұрландырып жіберер еді деймін,
Сен сияқты Аналар болашақты.
Қасиетті Анасың сен бүгінде,
Пейіліңнің білемін кеңдігін де.
Жүрегіңнің шуағын жерге шашса,
Жіберер ең жайнатып жерді гүлге.
Сенің жаның, көкем-ау, неткен ізгі,
Жібереді көтеріп көкке бізді.
Ата-баба аруағын қастерлеумен
Келе жатсың өшірмей өткен ізді.
Шаңырақ емес,
Әулеттің діңгегісің.
Абыройдың жеп жүрсің сен жемісін.
Ұрпағыңа үлгі боп қалары анық.
Адалдықпен атқарып жүрген ісің.
Өмір сүрген жоқ едің атақ үшін,
Түзу болды қашанда бет алысың.
Келе жатыр ұяңда аялаған,
Аққуың мен қыраның қатар ұшып.
Жақсы менен жаманды саралаған,
Жүрегіңді елің бар бағалаған.
Мен білетін ортада сен ғой деймін,
Пенделіктен әйтеуір жоғары Адам.
Көңіліміз жарасқан Несібелім,
Саған деген пейілім осы менің.
Сені айтар ем кез-келген уақытта да,
Түсет десе мейірімді есіңе кім.





Пікір жазу