24.05.2022
  166


Автор: Ибрагим Иса

Тойға тілек

Өтеді де кетеді ғой той деген,
Мен де кетем оқып беріп ойлы өлең.
Көріп қалам сенің бақыт құсыңды,
Ғалымжанға қарап тұрып кейде мен.
Ұрпағыңды адастырмас жарықсың,
Қасиетіңді бағалайды халық шын.
Көңілінде гаккуің бар қазақсың,
Өміріңде Аққуың бар алыпсың.
Бәйтерексің, ұрпағыңа саясың,
Қанатыңды енді кеңге жаясың.
Енді сенде арман бар ма Асылбек,
Бақыт құсың тапты жылы ұясын.
Алла саған берді өмірдің тәттісін,
Армандарың өз орынын тапты шын.
Бақыт деген байлығыңнан енші алып,
Айдыныңнан барады ұшып ақ құсың.
Өзіңді ойлап, тұрдым бүгін, құрдасым,
Саған қарай бұрдым бүгін жыр басын.
Жалтылдатып ұстаса екен құдалар,
Өздері кеп салып кеткен сырғасын.
Алматыдан келдім елге Сен үшін,
Азаматсың ардақтайтын елі шын.
Денсаулығың мықты болсын, Асеке,
Құтты болсын кеңейгені өрісің!





Пікір жазу