24.05.2022
187
Ағаны аңсау
Ырықыңа көнбейді ғой өмір сенің,
Тарқатқым кеп кей-кейде көңіл шерін,
Тыныштық пен адами туыстықты,
Жүрегінен іздеймін Теміршенің.
Кейде ойымды піспеген бекер үздім,
Қажеті не көрінбей кетер іздің.
Елге деген сарғайған сағынышты,
Көңілінен іздеймін көкеміздің.
Шаршағанда шырмалған ойға бөгіп,
Бос уақытты жүреміз пайда көріп.
Азын-аулақ отырсам ағамменен,
Отырғандай боламын тойға келіп.