24.05.2022
106
Қаладағы кемпір
Ескіден көз бірден-бір,
жалғыздығын...
Сұрама!
Қырық үйде – бір кемпір,
қырық үйде – бір ана.
Баласы бар елде де,
ағайыны,
бар бәрі.
Қырық үйлі көрмеде
жалғыз кемпір –
болғаны.
Көршіге көп бармайды,
отырмайды кірсе де.
Екі шеге алмайды,
сұрай келсе бір шеге.
Солай әлде үйреткен
келіні мен баласы.
Қаладағы күйге,
әттең,
жетпей-ақ жүр санасы.
Қолы ешқашан тимейді,
Иірмейді ұршық та.
Немересін сүйрейді
бақша жаққа күн шықпай.
«Көп жаса» деп күледі,
сәлем берсең тани кеп.
Іздеуменен жүреді
үнді шайын зар илеп.
Дүкен
базар –
білгені,
Құрдасы жоқ сырласар.
Әлдилеумен жүргені
немересін бір жасар.
Сүттен құрғаса еріні,
шаршап,
белі талады.
Ренжітсе келіні,
елге кетіп қалады