24.05.2022
  137


Автор: Ибрагим Иса

Махаббат сыры

Жаратқан соң мені Алла бөрікті етіп,
Мазалаймын күн сайын келіп-кетіп.
Амалсыздан жанарды жылытасың,
Көңілімді жібердің көрікті еті
Саған ғана тұрады иілгім кеп,
Тұрғандайсың бақшада бүгін гүлдеп.
Жар салайын осынау дүниеге,
Сұлулықтың алдында жеңілдім деп.
Айналайын, аяулым, күлкің балдай,
Түсінгенге түспейтін нарқың бардай.
Күз дегенің – күз емес, көктем сынды,
Көз алдымда қыз емес, ән тұрғандай.
Тамсандырар тіршілік осы ма екен,
Қонақтаған қуаныш төсіңе кең.
Сені іздеген жүрегім отқа жанбас,
Теңізді де сен үшін кешіп өтем.
Енді менің Шолпаным; Айым да сен,
Құлазимын күн сайын көрінбесең.
Жеткізбейтін сағым, не елес болсаң,
Сені қуа беруге ерінбес ем!





Пікір жазу