24.05.2022
  95


Автор: Ибрагим Иса

Төмендетпе ақынды

Жас та емессің,
Қартайып та тұрған жоқсың қалтырап,
Қалғандайсың биіктерден қорқып-ақ.
Ақыныңды келді-ау, інім, қатырғың,
Ең алдында орындығын тартып ап.
Жоқ, бауырым!
Болсаң егер ақылды,
Төрден төмен қума әсте ақынды.
Өз ойымды бөлейін деп, және де,
Көрейін деп келіп едім халқымды.
Азаматтың жақсы ісі бағалы,
Жөнсіз сөз де қайта иесін табады.
Ақын жыры – жүрегінде халықтың,
Ақын орны – қай жерде де жоғары.





Пікір жазу