24.05.2022
118
Ойымдағы барымды
Ойымдағы барымды
айтатұғын жоқ шама
Ауыратын дәрімді
сатып ішем ақшаға.
Орынымнан шақ тұрып,
бас айналып құладым.
Жүрегімді лақтырып
жібергім кеп тұрады.
Дірілдетіп денені,
қан қысымым қысқанда:
өле салғым келеді,
таба алмай дұшпанға.
Жылуы жоқ төсектің,
төңбекшідім түнімен.
Ілінбейтін өсектің
ілгегіне ілінем.
Шуға толып құлағым,
бас орнына мұз қатып,
бір дем қысып тұрады,
жүрегімді мұздатып.
Өзімді өзім сүйеумен,
жанымды жеп, түтедім.
Жаны ашитын біреуден,
бір рахым күтемін.