24.05.2022
145
Ақыл – ойдың қорғаны...
Ақыл – ойдың қорғаны,
оймен талай ми қатқан.
Арамзаның арманы;
қағып өту сирақтан.
Қиындықтың бар мәні –
ағартады шашыңды.
Айлакердің арманы –
тасқа соғу басыңды.
Ауыр ойдың салмағы
өзгертеді тұрқыңды.
Қызғаншақтың арманы
күлге аунату күлкіңді.
Бұлбұл етіп қарғаны,
бүлдіргендей таза әнді.
Мақтаншақтың арманы –
мазақ ету мазаңды.
Адам ұзақ толғанып,
не бір айла тауыпты.
Мақсатсыздың арманы,
бәрінен де қауыпты.