24.05.2022
  118


Автор: Ибрагим Иса

Өтер көктем...

Өтер көктем,
Өтер жаз бен.
Өтер күз.
Қуа берсек бір бақытқа жетерміз.
Деуші ек: бір күн ашу – қанжар кез болып,
Бір денеден екі айырылып кетерміз.
...Айдалада
Айсыз аспан,
Түн тынық,
Сен де маған,
Мен де саған ынтығып
Тұрған сәтте бір жауыздық сөз алды,
Адалдықтан сәл ілгері ұмтылып.
...Болмашыға керісіппіз бекер біз,
Білместіктен екі айрылған екенбіз.
Мен сен үшін бөтен жанмын бүгінде,
Сен де маған болып кеттің бөтен қыз





Пікір жазу