meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  24.05.2022
  308


Автор: Ибрагим Иса

Есіңде ме, ерке қыз...

Есіңде ме, ерке қыз...
Түсін мені.
Көп сақталған сырлар бұл ішімдегі.
Білер болсаң,
Мен ақын болып кеткем
Шуағыңды сен алғаш түсіргелі.
Кеудемдегі быт-шыт қып мұң сілемін,
Көз алдыма тағы кеп тұршы менің.
Сені еске алып, белгілі, қуанарым,
Сені еске алып, белгілі, күрсінерім.
Талай нұрлы көктемнің кешінде де,
Бау-бақта да,гүл дала төсінде де
Бірге болдық.
Сан рет бірге бардық
Тамашаға,
Тойға да...
Есіңде ме?





Пікір жазу