meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  24.05.2022
  179


Автор: Ибрагим Иса

Есіңде ме, ерке қыз...

Есіңде ме, ерке қыз,
Есіңде ме өткенің?
Сен – дауыл боп,
(Мен – теңіз)
толқындатып кеткенің.
Махаббатқа азырақ
Сыйыспадық бірге біз.
Ойда жоқта ажырап
Кете барды іргеміз.
Әлде тіпті сенбедің,
Қалдың әлде жек көріп?
Кете бардың
Мендегі
Қимастықты бөктеріп.
Еш кінәм жоқ,
Сезіндім.
(Кештеу білдім, қап бәрін!)
Жалғыз кінәм
Өзіңнің
Өзге жігіт тапқаның.





Пікір жазу