24.05.2022
  104


Автор: Ибрагим Иса

Есіңде ме...

Есіңде ме...
Көктемнің бір күні еді.
Жыр тіледі жанымыз,нұр тіледі.
Біз ауылдан аулаққа шыға бере-ақ
Күн күркіреп, жауын да сіркіреді.
Сіркіреді ақ жауын,басылмады,
Дымқылданды көйлегің,шашың бәрі.
Мен тіледім нөсерге ұласса деп,
Сен тіледің аспанның ашылғанын.
Дедің бір кез:
«Су болдым, қазір кетем»,
Ұға алмадым шының ба,назың ба екен?
Дария жаққа барайық дегенімде,
Ере бердің,болмады сөзің бөтен.
Жарқабақты паналап ұзақ тұрдық
Ұзақ тұрдық...
Сезімге тұзақ құрдық.
Жан ыстығы жіберді денені өртеп,
Бізді айналып кетпеді ұзап бір құт.
Қызық өмір басталып ертектен де
Сен ұмытып тұрғанда еркекті өңге...
Мен ұмытып тұрғанда...
Шошып кеттік...
Найзағай шарт еткенде.





Пікір жазу