24.05.2022
  138


Автор: Ибрагим Иса

Ай, Маралтай...

Ай, Маралтай,
ақынсың ғой көреген,
Сенімен біз тау қозғалта алмаймыз,
Өзгелерді теңестірсек даламен,
Өзімізді тек өзіміз алдаймыз.
Ай, Маралтай, не айта аламын мен саған,
Бұл дүниеде қатар жүрміз кімдермен?
Кім ұғады жанымызды шаршаған,
Біз айтқанмен бірақ кім бар жөнделген.
Ай, Маралтай, ақынсың ғой аңқылдақ,
Айтылар сөз тамағымда кептелді.
Ақындарын осыншама жатырқап,
Мына қоғам неге бізді жек көрді?!





Пікір жазу