24.05.2022
  109


Автор: Ибрагим Иса

Бір ақынға

Өлеңді емес, атыңды дабыра ғып,
Ақын дей ме шынымен, сені халық.
Шын ақынға тиісті абыройды,
Жүресің тек лақтырса қағып алып.
Көтермейсің шаршатар өлең жүгін,
Белгілі ғой қаншалық тереңдігің.
Белгісіз ғой сенің де өлер күнің,
Белгісіз ғой менің де өлер күнім.
Ол жаққа да жолымды саған берем,
Ұят болар барғаным сенен бұрын.





Пікір жазу