24.05.2022
145
Ажал сөзі
Бәрі алдамшы, өмірдің өтеріне,
Сенсең болды жалғанның бекеріне.
Жолыққанды жіберем жүндей түтіп,
Қорыққанның жабысам етегіне.
Жарға жығам ойсызды жетекке алып,
Демегендей әлсіздің қолтығынан.
Үрейшілді көргенде рахаттанып,
Аярлардың аламын алқымынан.