24.05.2022
239
Қайырымдылық
Шындықтың жүрем суына шомылып алып,
Түседі сосын жарқырап жаныма жарық.
Рахаттанып бір сәтке тыныстап алам,
Мейірім деген жүректің бағына барып.
Мейірім – бақта өседі қайырымдылық,
Тұрады әр тал иіліп, жанымды ұғынып.
Тербеліп көңіл, мейірімнен масайрап қайтам,
Жіберер мені ертеңге сенімді ғылып.
Мейірім – бақтың мәуесі шырыннан шырын,
Ондай жемісті татпаппын шынында бұрын.
Тербеліп ойдың жатамын тал бесігінде,
Қайырымдылық – ғажап қой жарасып қайтсаң,
Қайырымсыздардың шалабын мен де көп іштім.
Мейірімсіздердің бойынан, расын айтсам,
Махаббат пенен рахым көрген емеспін.
Қайырымдылық Алланың қорғаны білем,
Мейірімге толы олардың арманы кілең.
Қайырымдының мейірімді қолы жетектер,
Белгісіз біреулер адасып қалғаныменен.