24.05.2022
138
Өмір осы
Өмір деген қым қиғаш-ау қым қиғаш,
Күнде айқай, күнде сойыл, күнде айқас.
Сұңқармын деп жете алмайсың биікке,
Тұлпарым деп жүрсең де артта шаң қалмас.
Өмір деген тұнып тұрған өзгеріс,
Арман деген Арман емес, күн көріс.
Сүйіп тұрып айта алмайсың шыныңды,
Кедергі боп биік тұрған іргеміз.
Сол биіктен жүреміз-ау аса алмай,
Ұмтыламыз бір мықтылық жасардай.
Шегінбейміз, өмір дейміз жүрсек те,
Өмір барда басымызды қоса алмай.
Өмір дейміз,сезінбей-ақ дәмін де,
Айтшы сенің қуанышың сәнің не?
Жер іздейміз, ел іздейміз ғажайып,
Жүрсең дағы өзің туған жеріңде.