24.05.2022
  120


Автор: Ибрагим Иса

Талай рет жанбай жатып, сөнгенбіз...

Талай рет жанбай жатып, сөнгенбіз,
Боқтаса да, таптаса да, көнгенбіз.
Бір жақсылық болар-ау деп сенгенбіз,
Ел рухын аршып алып көрден біз,
Күл – қоқысқа қайта апарып көмгенбіз.
Жамалмаса елдің осы жыртығы,
Өкінішке айналады бір күні.
Бізге қарай кезеліп тұр бұл күнде,
Қасіреттің мергенінің мылтығы.
Қазақ қазақ болар еді, шіркін-ай,
Тойымсыздың тығындалса құлқыны





Пікір жазу