24.05.2022
151

Соқыр
Жететұғын жарып түнді,
Сәулелерді сағынбайды.
Жарқыраған жарық күнді,
Қараңғы деп қабылдайды.
Көзсіз құшып сүйіп көрді,
Күлмейді де, күрсінбейді.
Асқақтаған биіктерді,
Көрмеген соң, сүйсінбейді.
Қонысы жоқ елден бөтен,
Шырылдайтын ақындар бар.
Ештеңені көрмейді екен,
Көңіл – көзі соқыр жандар.