24.05.2022
  167


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Мен келемін...

Мен келемін, ізімен бабалардың,
Азық қылып, олардың қалдырғанын.
Өмірде, бар ісіммен дәлелдеуге,
Ізін жалғар, лайықты ұрпақ барын.
Мен келемін, алып бағыт, жетілуге,
Өмір мәнін, толығымен түсінуге.
Дұрыс бағыт, ізгі ниет негізінде,
Әлемді бұдан жақсы өзгертуге.
Мен келемін, өз ізімді қалдыруға,
Алған ойға, істерімді болдыруға.
Жылуымен жүректің, ізгілікпен,
Айналама, нұрлы орта тудыруға.
Мен сеземін, қаталдығын өмірдің,
Бөлісемін, мұң-қайғысын әркімнің.
Болмас арман, тірлікте әр жан,
Өткізсе егер, қуанышта әр күнін.
Мен сенемін, барлық адамдарға,
Әрқайсында, абырой, ар барына.
Ауытқымаса адамдықтан әрбір жан,
Қайырлы заман, күні ертең туарына.
Мен білемін, өмір уақытша екенін,
Қас қағымда, оның жылдам өтерін.
Сондықтан да, аянбай еңбек етемін,
Артылсын деп, алғанымнан берерім.
Мақсатым жоқ, мансапқа жетуге.
Жинап дүние, байлыққа кенелуге.
Арман етем, алдағы өз жолымды,
Абыроймен, өкінішсіз өтуге.
Мен кетемін, бір күні, келмеске.
Уақыт жетсе, тірі жан өлмес пе?
Орындалар, өмірдегі бар мақсат,
Кейін мені, жақсы сөзбен алса еске.





Пікір жазу