24.05.2022
126
Ала бұлттай жел қуған
Ала бұлттай жел қуған,
Өмір жүйткіп өтеді.
Небір тұлға, жақын, туған.
Үздік-үздік арамыздан кетеді.
Кеше ғана қимас жан,
Ортамызда жүр еді.
Бүгін кенет жоқ қылды,
Тоқтап оның жүрегі.
Қалдырып артқа өмірді,
Өлі дене көмілді.
Ортадан адам кеткен соң,
Мойындаймыз өлімді.