24.05.2022
  171


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Үзілген жапырақ

Барады ауада қалықтап,
Қоштасқандай, қол бұлғап.
Өз ортасын қимай бірақ,
Үзілген көк жапырақ.
Желмен кетті жапырақ,
Алыстағы қырды асып.
Бүршік ашқан ортасы,
Теректе қалды шуласып.
Неге дейміз, бұл қалай,
Ерте үзілді, сарғаймай?
Тудырады көп сұрақ,
Үзілген көк жапырақ.
Кейде дұрыс сұраққа талай,
Қаламыз жауап таба алмай...





Пікір жазу