24.05.2022
126
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-05-23-01-32-40.png)
Қонақасы
Айтушы еді апам өмірде,
«Адамдар қонақ бір-біріне»
Сондықтан болар әйгілі,
Қазақтың қонақжайлығы.
Өзінің ұзақ тарихында,
Дәстүр қылып халқым.
Сақтаған арнап қонағына,
Ең сыйлы, дәмді асын.
Білсе де аз, көп, өмірде,
Білмесе де мүлде.
Бір-біріне адамдар қонақ,
Салыстырмалы түрде.
Өйткені, бүгін барсың,
Ертең қайда боласың?
Қайтпас сапарға кеткенде,
Береді саған қонақасын.