24.05.2022
  127


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Адам солай жаралған

Адам солай жаралған,
«Әр кәлләда бір арман».
Әр кезеңде ұмтылған,
Мақсатына қалаған.
Мақсат етіп арманды,
Жету үшін талмайды.
Қызығы мол өмірде,
Армансыз адам болмайды.
Әрбір мақсат әр асу,
Бір белестен, бір белес.
Қуғанымен көп арман,
Сағым болып жеткізбес.
Қусаң да қанша арман,
Уақытша екенін біл.
Әйтеуір бітеді бір,
Сағым қуған бұл өмір!
Адам солай жаралған –
«Әр кәлләда бір арман».
Армандағанымен әр адам,
Орындалуы – Алладан!





Пікір жазу