24.05.2022
179
Көкжиектер
Шексіз мынау жаһанда,
Өмір атты сапарда.
Көк пен жердің арасын,
Көкжиектен табасың.
Көрінбейтін күшке ұқсап,
Тұр ғой олар көкті ұстап.
Көзден кетсе көкжиек,
Қалады ғой аспан құлап.
Көкжиектер – армандар,
Адамдарды алға бастар.
Көкжиегі соңғы олардың –
Жеткені шегіне тағдырдың.