24.05.2022
  104


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Мүмкіндік

Өмірдің әр кезеңі:
Жастық, орта жас, кәрілік.
Кезегімен үшеуі,
Құрайды оны, бірігіп.
Жастық – енді келдің өмірге,
Қызығын оның көруге.
Орта жас – түсінуге өмірдің мәнін.
Сезінуге бар салмағын.
Жеткенде саған Кәрілік,
Туар жаңа мүмкіндік!
Қайтпас жолдың алдында,
Алламенен сырласуға.





Пікір жазу