24.05.2022
137
Келешектегі келбет
Бара жатыр таяқ ұстап,
Еңкіш тартқан егде адам.
Жақындайды мәресіне,
Басқан сайын әр қадам.
Жүрген сайын ентігеді,
Сыр береді кәрі жүрек.
Уақыт өте болар қайғы,
Өзін-өзі алып жүрмек.
Бұрылды, міне, артқа қарап.
Қалтыраған бас әппақ,
Толығымен әжімді бет,
Мұңды көз, суалған жақ...
Осы сәт, осы бейне,
Елестетер әркімге,
Кәріліктің суретін,
Келешектегі келбетін!