meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  24.05.2022
  128


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Мақаңа

Мақтанушы еді үлкен-кіші,
Сізбен таныс болғанына.
Қызығушы еді үлкен-кіші,
Азаматтық ұстанымына.
Мақа, деуші еді аға-інісі,
Шын жүректен жақсы көріп,
Қырық күн толды қайтқаныңызға,
Орныңыз қалды үңірейіп.
Жетпейді енді дархан көңіліңіз,
Ұмытылмайды бірге жүргеніңіз.
Есімізде мәңгі сақталады,
Тау тұлғалы жарқын бейнеңіз!





Пікір жазу