24.05.2022
131
Жапырақтар
Сырласады ағаштағы жапырақтар,
Желмен жеткен жаңалықты бөлісіп.
Білгенін жайып, біріне-бірі ақтарылар,
Самал желмен бірге еркін көсіліп.
Соқпаса жел тұнжырайды жапырақтар,
Сырын ашпай, сыбырласпай өздері.
Себеп керек, оларға ой қозғалтар,
Болмаса жел, болмайды айтар сөздері.