24.05.2022
  88


Автор: Ғалымқайыр Мұтанов

Сағыныш сыры

Іздеуде көңіл, тосуда жүрек.
Қосылып бірге, тек сені тілеп.
Сағыныштан, менде жоқ маза.
Жаныма дауа – бір өзің деп.
Жасыра алмай іштегі сезімді,
Сынап, шегіне жеткізіп төзімді.
Мәжбүрмін, жаным, айтуға саған,
Сағындым, сағындым ғой өзіңді...
Сағыныш – аңсауы ол жүректің,
Өзіңнің жақсы көріп қалағаның.
Кетпейді көңілден, жарқын жүзің,
Сенбісің, менің сүйіп, қалағаным?!





Пікір жазу