meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  24.05.2022
  209


Автор: Бақыт Беделханұлы

Ай-қанатымды сілкігенмен

Ай-қанатымды сілккенмен
Мұңымды қозғап мына түн.
Кірпігімменен кілттенген,
Жүрегім боздап шығатын.
Қауырсын-жұлдыз қара түн,
Айымды көкте қалықтат.
Қанатым талды, қанатым
Шақа-жанымды шалықтат.





Пікір жазу