24.05.2022
  177


Автор: Бақыт Беделханұлы

Алтынбек Сәрсенбайұлына

Жиырмадан асқанында-ақ елді ойлап,
Отызында орда бұзған оғланым.
«Тəуекел!» деп, намысыңмен бел байлап,
Бел мен белбеу сынға түсті... Қорғадың!
Қырығыңда қамал алдың қақ жарып,
Алға сүйреп Алашыңның арманы.
Аламанда алда жүрдің, жар болып,
Су жол берген Əулиенің əруағы.
Ұлық тұтып қазақ дейтін ұлтыңды,
Ұлы арманға жеткізуге асық ең.
Ажал неге оққа айналып ұмтылды,
...Сол жан алғыш басымен?
Төрт құбылаңды тұрғызғанда-ақ
түргелтіп,
...сенген еді ғой, сіздің ел.
Хан-тəңірін қайта-қайта күңірентіп,
Неге өлу керек ей, біздің ер?!.
Адал ұлға жұрты бір рет сенсе деп,
Бір құдайға жалбарынам өлгенше...
Алтын-құрсақ ел-жұртына еңсе боп,
Енді өмірге бір Алтынбек келгенше,
...А Н Т Р А К Т ! ! !





Пікір жазу