24.05.2022
149
Тәңір гүл
Қызылтөбе басында бар Тəңір-гүл,
Тамырында тау жайлаған жұпары.
Топырағында сан ғасырлық қаным жүр,
Қасиетті мекенімнің құты, əрі...
Тəңір-гүлі үмітімнің шырағы,
Нұрлы ауаға нілі сіңген мəңгілік.
Ай мен Күннің аймаласа шуағы,
Оятатын жүрегіңді жандырып.
Тірлігінде таусылмайтын дауасы,
Ақындардың жан-дертінің емі – бұл...
Тəңір-гүлі туған жердің ауасы,
Адам-Ата, Хауа-Анамен тегі бір.
Қызылтөбе басындағы Тəңір-гүл,
Рухы өлмейтін ауылыңның кепілі.
Жұпарында бұзылмаған қаның жүр,
Ей, Цивилизацияның жетімі!..