24.05.2022
208
Дүние үшін мына жалған бес күнгі...
Дүние үшін мына жалған бес күнгі,
Өкпелетіп алмайықшы ешкімді.
Кеше сенің көңілді айтқан əніңнен,
Күңіренген қоңыр əуен естілді.
Құстар неге жылап келді көктемге,
Құштар деме, құса көңіл өткенге.
...Қоңыр күзде қайта жылап кетсе, егер,
«Өмір бізге қатал ғой...» деп кектенбе?!.
Тəтті өмірді аңсаймыз-ау, шатты етер.
Шаршаймыз-ау, шыр-шыр еткен шақ та
өтер.
Уақытпенен жарысам деп жүргенде,
Бақыт деген басы айналып қап кетер...