24.05.2022
213
Түсімде де ойлар маза бермейді...
Түсімде де ойлар маза бермейді...
Жұмыр жердей сыр жасырғым
келгенмен,
Жүрегіме кір жасырғым келмейді.
Жазығы жоқ махаббатты жылаттым,
Дəргейіңнен дəрмен күттім дауалым.
Жанарында жасырынған сұрақтың
Таба алмадым жауабын.
Көз жасымен жұлдыздарды көктеттім,
Жүрегімнің қайғысынан нұр аулап.
Қара түннің қабырғасы боп кеттім,
Таңсəріде күрсінетін бір аунап.