meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  24.05.2022
  165


Автор: Бақыт Беделханұлы

Мынау нұрлы заманда....

Мынау нұрлы заманда,
Жазу қандай қиын еді, нұрлы өлең.
Нұрлы өлеңмен тоты құстай түрленер ем,
гүлдер ем.
...Мың құбылтып, мына жұртты таң
қалдырар едім ғой,
Бірақ оны сұрар дейсің кім менен?!.
«Дос жылатып айтады...»
Дұшпанының жұбатқанын кім қалар?
Осыны айтсаң, бəрі мықты.
Намыстанар, жынданар.
Бар адамдар бір-біріне көңіл айтар еді ғой,
Жан қалмаса, бір-бірі үшін мұңданар.
«Дұшпан қарар аяққа...»
Қалар едім, дос та қарап кеткенін.
Осы аяқпен алға ұмтылдым, адымдадым,
жетпедім.
Аяғына қарап тұрып қорланатын бүгінде,
Тоты құста ми қалды ғой деп пе едің?
Мисыз мына сұлулық,
Жын-шайтанның жетегінде кетеді.
Қонбастай боп ұша ма екен,
жан болса егер жетелі,
Тоты құстың аяғындай – баяғыдай
тағдырым
Бір басымды қорлауға да қорғауға да жетеді.





Пікір жазу