24.05.2022
120
Қызығы жоқ қызыл Күн мен ақ Айсыз...
Қызығы жоқ қызыл Күн мен ақ Айсыз,
Мына əлемге қай бетіңмен қарайсыз?
Кешір, кешір, маңдайдағы қос шырақ,
Тұнығыңды ылайлап алсақ абайсыз.
Пенделік іс – бейпілдікке аһ ұрып,
Жаным мені жарық нұрға шақырып
жанталасар,
Сонда қара тəніме
қашып шығам қасіретімді батырып.
Ал əзірге, асығамын, төзім жоқ.
Төзімдердің ұшқын атар көзінде от.
Жанарларды жалған баққа арбалған,
Жүректерге байлап кетем сезім боп.
Аяқталып ең керемет сапарым,
Мен мəңгілік ғажап таң боп атамын.
Содан кейін болашақтың мөп-мөлдір,
Жанарына батып бара жатамын.