24.05.2022
155
Зауалды күндер заулайды...
Зауалды күндер заулайды,
Ізінде мың от лаулайды.
Арманды күнің артта қап,
Үстенде шоқтың аунайды.
От көрген жынды көбелек...
Біздерден неге аумайды?
От жүрек неге жаурайды,
Жаураған сайын лаулайды.
Жаныңды жалын шарпыса,
Көңіліңді кім кеп аулайды?
Қурайдың күйін кешкенге,
Құдайдың күні жаумайды.
Зауласын күндер зауласын,
Құйынға құйын жалғасын.
Тасыған тағдыр арнасын,
Соқпаққа бірақ салмасын.
Əрнеге сенгіш көңілім,
Құлазып тағы қалмасын.