meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  24.05.2022
  242


Автор: Бақыт Беделханұлы

Көктен жұлдыз құлады...

Көктен жұлдыз құлады:
Бір адамның сөнді дағы шырағы,
Бір адамның сынып түсті сыңары.
Бір адамның сарқылғандай бұлағы,
Бір адамның қан жүрегі жылады.
Бір адамның бауыр еті сылынып,
Бір адамның тастай бітті құлағы.
Қалай ғана өмір солай тынады?
(Көктен жұлдыз құлады)





Пікір жазу