24.05.2022
  127


Автор: Бақыт Беделханұлы

Жас алашым-ай!

.Жаны бөлек, Жас Алашым –
жақсы аға,
Тарамыс боп тағдыр дейтін патшаға,
Сіріленіп келесің,
Сіңіріңнен суырса да сірі жіп,
Іріленіп келесің,
Жалған дүние жала күйе жақса да.
Алашым деп айбат шегіп келесің,
Алқымыңа ажырғы-азап тақса да.
Қорғасын оқ құшақтаған қос ұлдың
Жаны нұр боп жəннəт бақты тапса да,
Бұл қазақтың көңілі тыныш таппады-ау,
Бір басыңды жарға соғып жатса да,
Қабырғаңды қазыға орап сатса да,
Қыбырлаған қимылыңды бақса да!..
О, Тəңірім, соры қалың Алаштың
Қан жүрегін ақ сана!
Кешегі өткен Мұратбаевтың мұратын,
Ілиястай құлагерімнің лұғатын,
Мынау исі қазақта
Жан қалды ма екен ұғатын.
Қазақатың қайтпас қаны деп,
Намысы менен ары деп,
Ер қалды ма екен түгендейтұғын
жұратын?
Мен отына күйіп азаптың,
Ортасында шырылдағанда мазақтың,
Құлынның құлағанына,
Құлыншақтың жылағанына,
Араша бола алды ма, ей, мына, азат
күн?!
...Ай, Жас Алашым-ай,
Құшағын да көрдің,
Құшағында тұрып,
пышағын да көрдің қазақтың!
...Алты алаш үшін алқыныс бермес
ақ иін,
Иығыңдағы мəңгі өлмес рухты таниын.
Ертеңім үшін еңсемді тіктер күн туса,
Мен соған ғана, ар-намысымды жаниын,
Қаймана жұрттың қамы үшін от боп
өртенсең,
Қанатымды да отыңа сенің қариын.
Қазағым үшін қайыспа, қайтпа,
қайырылма,
Басыммен бірге жар-құзды соққан
бақ-үйім,
Сен, тоғыз жасыңда-ақ ақсақал болған
едің ғой,
Тоқсанға келіп сақалы шыққан сəбиім!





Пікір жазу