24.05.2022
  177


Автор: Бақыт Беделханұлы

О несі екен?

Белден төмен екенін бес күн жалған
Айта алмадым, арландым.
О несі екен?
Ұстатпайды құйрығын ешкімге арман,
Таң қалдым...
О несі екен?
«Елді сүйем!» дегенді есту де арман,
Сүйе алмайды-ау, дегем жоқ.
О несі екен?
Шын махаббат көргем жоқ еш бір
жаннан
Кеттім содан өлең боп.
О несі екен?
Аңғал ойдан аламын неге секем,
Жоқ нəрсені мұң еттім.
О несі екен?
Айтайын дегенім – бұл, емес екен?
Сұраңдаршы жүректен,
О несі екен?!.





Пікір жазу