meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  24.05.2022
  187


Автор: Бақыт Беделханұлы

Ей, аспандағы Жұлдыз-жарық...

Ей, аспандағы Жұлдыз-жарық,
Төменде көкті аңсаған біз бір ғаріп.
Жарқ еткенде жарығың ағып келіп,
Жүрегімде жатса ғой, жылдызданып.
Көкбозыңды көңілге жетектетіп,
Ақбозыңды мінсем-ау, тізгін қағып.
Ей, аспандағы мың-мың шырақ,
Бір күн ағып түсерсің, мың күн шыдап.
Сендер мені түсінбей, мен сендерді
Жарығымен жанымның жүрмін сынап.
Ат шалдырар деймісің.., сонда да анау,
Жүйрік мініп жүретін жүргінші-Бақ!
Ей, аспандағы сансыз жарық,
Менің жаным – жап-жарық,
шамсыз жарық.
Тастүнектің ішіне тастай салсаң
Нұр таратып жататын қамсыз барып.





Пікір жазу