meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  24.05.2022
  219


Автор: Бақыт Беделханұлы

Аппақ құсым-ау

Арман, арман алдамайды,
Самғап ұшып келем саған.
Қалай от боп лауламайды
Махаббатым мен аңсаған.
Мен аңсаған көлдің нұры
Селт еткенде шайқалады.
Көңіліңнің мөлдірлігі,
Мөлт еткенде байқалады.
Қайырмасы:
Аялаған аяулы аппақ құсым-ау,
Саялаған жанымдай тəп-тəттісің-ау!
Күндіз күндей тілекті əніңе қосып,
Түнде айдай жүректі сақтап тұрсың-ау!
Сұлулығы дүниенің,
Сен бар кезде жарасатын.
Сен бəрінен биік едің,
Кім бар саған таласатын.
Ақ құсым-ау, қарасаңшы
Самғар кезде аспаныңа.
Жұлдызымды жаға салшы,
Қанатыңды қаққаныңда!
Қайырмасы





Пікір жазу