24.05.2022
152
Басылмайтын елімнің шөл құмары...
Басылмайтын елімнің шөл құмары,
Ауылымның бар еді белбұлағы.
Айтақырға жалғасып арғы жағы,
Бал-бұл жайнап жататын бергі жағы.
Айтақырда жалғыз тал сорға жақын,
Жалғыздықтан бүгіліп қорғанатын.
Айдалада адасқан адам болса,
Темірқазық жұлдызы сол болатын.
...Көген-көңілі оның да жетім бе екен,
Жан-жүрегін жел жұлқып, жекір ме
екен?
Жазда жаңбыр, қыста қар – аяз, аптап
Арасында ол қалай жетілді екен?!
Жалғыз жүрек, жалғыз жан, жалғыз
көңіл
Көрінбейтін көзіңе мəңгі із бе – бұл?
Үш жетімді жылатып, жұбатқан боп
Шимай-шимай соқпағын салғызды
өмір!..