24.05.2022
  164


Автор: Бақыт Беделханұлы

Ол кезде он үште едік...

Ол кезде он үште едік,
Ойын мен ойды қатар тегістедік.
Алқалы жұрт ортаға ап айтыстырса,
Бірімізге біріміз беріспедік.
Таңдайға Тəңір берген сөзді айтып сап
Алаңсыз отыратын періште едік.
...Ызғары Желтоқсанның басылмаған,
Қабағы келер күннің ашылмаған.
Сондай бір сор қайнаған уақ еді ғой,
Тақалып кеп қалғандай тасыр заман.
Тығырыққа тіреліп тұрса да елдің
кезі еді берекесін қашырмаған.
Қырандай шарласақ та мың қияны,
Табушы ек айналып кеп үйді-ұяны.
Жып-жылы сол күндер-ай, жылжып
ағып,
Жылдардың арасынан жылмияды.
Жылмияды,
жүрекке мұң құяды...





Пікір жазу