24.05.2022
144

Сен сөйлеуші ең, баяғыда...
Сен сөйлеуші ең, баяғыда,
«Ойдың шалын сүйендіріп,
сөздің аса таяғына».
Жүрегіңнен жыр ұшырдың
жүк түсірмей ақылдың аяғына.
Арбасы ауып, өгізі өкіргенге
Сабыр сыйлап, болушы ең саялы да
Замандастың зар–мұңын естігенде
Бас қатырдың бақыттың баянына...
Барлығына – бақсыздың тағдырына
өртендің,
...Олар сені аяды ма!..