24.05.2022
171
Ақындығым арманшыл, кімге міндет?
Ақындығым арманшыл, кімге міндет?
Күнде айығып, тазарам, күнде кірлеп.
Қалай айтам қаймықпай қазағыма
Мына өмірді сен үшін сүргемін деп?!
Кімге, неге, не үшін қапалымын?
Кімнен, неден, не үшін жапалымын?
Кім тартпады тағдырдың қапа-күнін,
Кім ішпеді тірліктің заһар-уын?
Адаммын ғой мен дағы сендер құрлы,
Жазғырмаңдар, бəріне сенген құлды?
Сең соққандай мені де мына өмір
Сергелдеңге салды да сенделдірді.
Əркімнің бар бір қиял, бір қайғысы,
Соны ойлайды, қайнайды, тулайды іші.
Пері соқты қылатын пенделерді
Көзі соқыр көңілдің бұл қай құсы?
Дүр-дүние-ай, дүбірің, дүрмегің көп.
Білгенімнен əлі де білмегім көп.
Күнде су боп, жүрген соң күнде кірлеп,
Қалай айтам шын өмір сүргемін деп?
Ақындығым, əйтпесе, кімге міндет?!