24.05.2022
165
Өлең жаз, дейсіз ғой тағы да...
Өлең жаз, дейсіз ғой тағы да,
түн құшағында жатып.
Жатқыза қояр ма жанына
нұрлы шағында – уақыт.
Уақыттың өкпесі күйгендей, шаршатты-ау, уəделі жүрек.
Тірлігі қалды ғой иленбей
онсыз да бос сөзден жүдеп.
Жүдеген, жүнжіген жүйрігім,
туласа, бір сойқан бастар.
Пенденің білсе өзге пиғылын
жолынан лақтырып тастар.
Шындықты қалды деп шырылдап, миымды ашыттың неше?!.
Мен оның шырылын сығымдап жүрекке сап қойғам кеше.
Бір өлең жазып ем, жылады биліктің білегін сүйіп.
Күл болып шашылып, құлады сол жүрек өртеніп, күйіп.
Махаббат сезімі қайда деп, сұрама, бос тұр ғой, кеуде...
Мəжнүн жоқ , «лəйлитін Лəйлə!» деп,
тіпті, ұят, бірдеңе деуге?..
Не жаз деп кеп тұрсыз, тағы да
түн құшағында жатып.
Қазір жатқызбайды жанына,
...Нұрлы шағында – Уақыт!.