24.05.2022
  148


Автор: Бақыт Беделханұлы

Аспанда

«Аспанда Күн жоқ,
Жерде үн жоқ,
Арамызда кім жоқ?..»
Мəукенұлы Нұрлан жоқ!
Толқын-толқын ойлар жоқ,
Толғау-толғау жырлар жоқ.
Жұрт томпияр тойған боп,
Жүрегінде сыңғыр етер сырлар жоқ.
Ду-ду еткен думан көп,
Айтар бар да тыңдар жоқ.
Ту көтеріп бір-бірін
Тұғыр болар туған жоқ.
Біреу өліп жатса да
Көңілдің түбін ырғау жоқ.
Шырқырап жаны тұрса да
Шыққыр да көзде ылғал жоқ.
Жон арқасын тілсе де
Жоғын жоқтап, мұңдау жоқ.
«Аспанда Күн жоқ,
Жерде үн жоқ,
Арамызда кім жоқ?!»
Арамызда Мəукенұлы Нұрлан жоқ!
...Жоқ екен деп тұрғам жоқ,
Аңсадық абзал ағаны
Дүние-кезек келгенде
Бізге де қолын бұлғар деп!..





Пікір жазу