24.05.2022
  109


Автор: Бақыт Беделханұлы

Фəни бір күн сөз алды....

Фəни бір күн сөз алды,
Сəби күлкім тоналды.
Ойсыз, мұңсыз шағымды,
Ойнап жүріп сол алды!
Сөз тізгінін ой алды,
Мұң үрпиіп оянды.
Көзім алды көлкілдеп,
Көк мұнарға боялды.
Тоқсан толғап тобамды,
Жүз айтсам да сол – əнді,
Тағдыр дейтін тас-мойын,
Бұрылмайтын боп алды.
Содан бергі сонарды,
Дей алмаймын оңалды.
Не болғаны белгісіз
Жоғалғаным жоқ алды.
Енді менде, не қалды?





Пікір жазу